jasqazaq.kz

Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды (Видео)

08 қыркүйек 2022, 16:38

Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы ІІМ-нің көрнекі құралдары бар Hyundai автокөлігін анықтаған.

«Фильмдердің бірінің әкімшілігі көлікті реквизит ретінде пайдаланғаны анықталды. Яғни, сценарий бойынша фильмде патрульдік полициямен эпизод бар. Ол бұл әрекеттердің заңға қайшы және жауапкершілікке әкеп соғатыны туралы ойланбастан, полицияның қызметтік көліктерінің дәл көшірмесін жасауды ұйғарған. Елестетіп көріңізші, әрбір кинорежиссер қажет болған жағдайда жалған реквизиттер, бұл жағдайда полиция көлігі, қолдан жасайтын болса, хаос болады. Ол кезде жалған полицейлерге өздерінің қылмыстық істерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жалған көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Оның авторларына заң аясында шара қолданылды», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар, ПД-да осыған ұқсас деректерге жол берілмейтінін ескертіп, әрбір мұндай эпизодқа түбегейлі құқықтық баға берілетініне уәде берді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр