jasqazaq.kz

Алматыда жалған нөмір таққан «Гелендваген» жүргізушісі жазаланды (Видео)

01 қыркүйек 2022, 16:42

Алматыда стробоскопты пайдаланған Gelandewagen жүргізушісі жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережелерінің бірден бірнеше талабын бұзған ҚР әкімшілік заңнамасын өрескел бұзу дерегі анықталды.

«23 жастағы И. есімді азамат анықталып, ұсталды. Ол құқық бұзу дерегін бірден мойындап, видеоға түсіру қажеттігін түсіндірді. Бұл уәж құқықбұзушының әрекетін ақтамайды. Оған қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шара қолданылды: алты әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Мына құқық бұзу деректері бойынша әкімшілік іс қозғалды:

ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі — «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу»;
ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі — «Жүргізушінің көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостанцияны пайдалануы»;
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі — «Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ ақаулар немесе көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын жағдайлар болған кезде көлік құралдарын жүргізу»;
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3 бөлігі — «Көлік құралына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату»;
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі — «Жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгі) бар көлік құралын басқару, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (белгісін) сәйкестендіруге кедергі келтіретін немесе оларды белгілеуге мүмкіндік беретін құрылғылармен және материалдармен жабдықталған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралын жүргізу»;
ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабы 3-бөлігі — «Жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарының арнайы түсті схемаларын көлік құралының сыртқы беттеріне заңсыз қолдану».

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр