jasqazaq.kz

Алматыда заңсыз жүрген өзбекстандықтар анықталды

18 шiлде 2019, 11:38

Алматылық полицейлер 16-19 шілдеде заңсыз миграттарды анықтау үшін арнайы рейд жүргізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Шараның бірінші күні көші-қон қызметкерлері 235 құқық бұзушылықты анықтап әкімшілік жауапкершілікке тартты. 107 шетелдіктердің келу мерзімін қысқартты, елден 82 шетел азаматы шығарылды. «Көші-қон заңнамасын бұзғандардың басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен жұмыс істеуге келгендер. Олар құрылысшылар мен қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Тексеру барысында 171 шетелдіктің құжаттары дұрыс емес, яғни біздің елде жүруге берілетін рұқсат қағаздары жоқ. 47 жұмыс беруші мен заңды тұлғалар ҚР шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. 110 адамның жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ. Сондай-ақ, заңсыз көші-қон қызметінің құжатын жасау бойынша 2 факті анықталды. Қазір алдын-ала тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», — деді Алматы ПД көші-қон басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов. Сондай-ақ, Медеу ауданында 20-дан астам заңсыз өзбекстандық жұмысшысы анықталды. Олар тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізіп жатыр. Мигранттардың құжаттары жоқ. Арнайы тексеруден кейін іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілетін болады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда