jasqazaq.kz

Алматыда заңсыз жұмыс істеп келген ойынхана анықталды (видео)

16 шiлде 2020, 22:53

Алматыда күшейтілген карантин уақытында жұмыс істеп жатқан тағы бір ойынхана анықталды.

Бұл жолы Алмалы әкімдігі және аудандық тауарлармен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп астыртын компьютер клубын тапты. Сыртында ешқандай жазуы жоқ мына ғимаратты алғашында ешкім ашпады. Арнайы мамандардың көмегімен нысанның есігі ашылып, ішінде 13 адамның ойынап отырғаны белгілі болды.

Карантин кезінде құқық бұзғандардың барлығы, яғни бетпердесіз қоғамдық орында ойнағандар да, жұмысын алаңсыз жасап тұрған ойынхана әкімшілігі де заң алдында жауап береді. Клуб ішінде болғандардың барлығы Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, әкімшілік хаттама толтырылды.

«Алматы қалалық бас санитар дәрігердің 2020 жылы 3 шілдеде шығарылған қаулысына сәйкес осы сынды компьютерлік клубтардың жұмысы уақытша тоқтатылуы тиіс болған. Оған қарамастан жұмыс істеп тұрған мына ойынхана иелеріне Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-тармағына сәйкес 230 айлық есептік көрсеткіш көлемін айыппұл салынады», – деді Алмалы ауданы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Меруерт Қасымова.

Almaty.tv

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде