jasqazaq.kz

Алматыда заңсыз саудадан көлік айналары тәркіленді

05 ақпан 2019, 10:53

Алматы полициясы Бостандық ауданындағы көліктің ескі заттарын сату нүктесін тексерді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, саудагер өзінің гаражында көлік заттарын сатумен айналысқан. «Бірнеше сағат бұрын мобильді топ ескі көлік бөлшектері саудаланған сауда нүктесін анықтады. Қожайын дүкенді өзінің гаражында ашып қойған. Тексеру барысында 100 айна мен 3 аккумулятор табылды. Тәркіленген бөлшектердің арнайы құжаты жоқ болып шықты. Қазір бұл заттардың бұрынғы қожайындары іздестіріліп жатыр. Сонымен қатар, айналардың ұрланғандығы тексерілуде. Жапа шеккен азаматтар бөлімшеге келіп өз заттарын алуда», — деді Бостандық ауданы Полиция басқармасының басшысы Дәурен Утебаев.

Тәртіп сақшылары айнасын ұрлатып алған адамдар болса, Бостандық аудандық Полиция басқармасына хабарласуларын сұрайды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда