jasqazaq.kz

Алматыда заңсыз салынған жатақхана бұзылды

05 қараша 2020, 15:55

Алматының Алатау ауданында заңсыз салынған үш қабатты жатақхана бұзылды.

Қала құрылысын бақылау басқармасына «Самғау» ықшамауданының тұрғындарынан үш қабатты жатақхана иесіне шара қолдану туралы өтініш түсті. Тексеру барысында жер телімінің иесі жекеменшік тұрғын үй құрылысына берілген аумақта контейнер блоктардан жалпы ауданы 387 шаршы метр болатын үш қабатты жатақхана құрылысын жүргізгені анықталды. «Ғимарат жобалық-сметалық құжаттамасыз, тиісті сараптамасыз, техникалық және архитектуралық қадағалаусыз, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдарға ескертусіз тұрғызылды», — деп хабарлады басқармадан.

Сондай-ақ, жер учаскесінің шығыс жағынада аумағы 0, 0067 га болатын мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз иемденіп ол жерге де контейнерлерден екі қабатты ғимарат салған. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ғимарат иесі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. «Басқарма Алматы қаласының Алатау аудандық сотына заңсыз салынған үш қабатты жатақхана мен заңсыз тұрғызылған екі қабатты ғимаратты бұзу туралы арыз түсірген болатын. Сот бұзу туралы шешім қабылдап, жер иесіне жалпы сомасы 669 125 теңге айыппұл салды», — деп хабарлады Қала құрылысын бақылау басқармасы.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия