jasqazaq.kz

Алматыда «Юбилейный» дүкені өртенді

10 мамыр 2016, 11:54

Бүгін түнде Алматыда Алмалы ауданы Абылай хан даңғылы 74 үйде орналасқан «Коровабар» дәмханасынан өрт шығып, артынан газ баллоны жарылды. Өрт дәмхана орналасқан 7 қабатты үйге ұласқан, деп хабарлайды BNews.kz.

«Өрт шыққаны туралы хабарлама таңғы сағат 04.37-де түсті. Өрт сөндірушілер жеткенде үйге жапсарлас салынған «Коровабар» дәмханасының шамамен 800 шаршы метрге жуық ауданы өртеніп жатқан. Құтқарушылар бір уақытта өрт сөндіріп, үйдің артқы жағынан  тұрғындарды қауіпсіз орындарға көшірді», — дейді ҚР ІІШ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, сағат 05.23-те газ баллоны жарылған.

«Құтқарушылар жоғарғы қабаттардағы тұрғындарды жылжымалы сатылардың көмегімен түсірді. жалпы саны 7 адам құтқарылып, 120 адам қауіпсіз орындарға көшірілді, оның үшеуі балалар. Бір адам газға уланып, жедел ауруханаға жеткізілді. Апат орнында 21 техника, Өрт сөндіру қызметінің 115 маманы, жергілікті полиция, жедел жәрдем, су арнасы және энергетика қызметкерлері жұмыс істеді», — дейді Р.Иманқұлов.

Жедел шараларды қолға алудың арқасында, өрт таңғы сағат 06.36-да толығымен сөндірілді. Өрт жалпы ауданы 1100 шаршы метр жерге жайылды. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі