jasqazaq.kz

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынуы мүмкін

14 қантар 2021, 17:32

Мегаполисте Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматының Бас жоспарын түзетуді талқылау барысында «Алматыгипрогор-1» компаниясы бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бас жоспарға сәйкес, Алматы агломерациясын дамыту бойынша бірқатар жобаларды ауқымды іске асыру жоспарланған, оның ішінде:

— Алматы-1 және Алматы-2 желісі бойынша екінші жолдарды салу;

— Алматы-3 вокзалының құрылысы;

— Алматы-1 — Талғар жүк-жолаушылар теміржол желісінің құрылысы;

— Алматы-Ұзынағаш трамвай желісінің құрылысы.

Алтай Сатыбалдиевтың айтуынша, Алматы-3 вокзалының құрылысын бұған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясы ұсынған болатын. Бұл ұлттық компания үшін қосымша станция жүк ағынын түсіру үшін қажет.

«Бұл құрылыс жолаушылар тасымалы үшін де маңызды. Сондықтан Саин көшесі өтіп жатқан Боралдай аумағында магистралды жолдар салуды және қаладан батыс бағытта Алматы-3 вокзалын салуды ұсынамыз. Онда станция бар, тек вокзал салу керек. Осылайша бүкіл батыс аумақтар қамтылады»,- деді ол.

Теміржол торабының жалпы ұзындығы 69 шақырым. Ол торапқа Алматы-1 және Алматы-2 станцияларын қоса алғанда, тоғыз станция кіреді.

Желтоқсан айында Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов шаһардың бас жоспарының жобасы қашан аяқталатынын айтқан болатын.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия