jasqazaq.kz

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады

04 шiлде 2022, 15:12

Алматы қаласының шеткі аймағында Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала мен қала маңындағы көлік байланысын жақсарту үшін біз қосымша қала маңынан қаладағы көлік хабтарына дейін 30 маршрут, Алматы-2 станциясынан Қонаев қаласына дейін электр пойызын іске қосамыз, Алматы-3 темір жол вокзалының құрылысын бастаймыз»,- деді Ерболат Досаев. Сонымен қатар ол 2025 жылға дейін Құлжа тасжолы мен Боралдай-Шамалған трассасын, 2030 жылға дейін Талғар трактісі мен жоғарғы Қаскелең жолы кеңейтілетінін айтты. «Қала мен Алматы облысы арасында күнделікті қоғамдық көлікте жол жүру 2025 жылға қарай қазіргі 400 мыңнан 500 мыңға дейін және 2030 жылға қарай 600 мыңға дейін ұлғаюы тиіс. Алматы агломерациясында қоғамдық көлікті дамыту жөніндегі бірлескен жобалық кеңсе құрылатын болады»,- деді ол.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр