jasqazaq.kz

Алматыда үшем дүниеге келді

09 шiлде 2020, 11:59

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жасанды жолмен ұрықтандыру (ЭКО) арқылы үшем дүниеге келді.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүкті әйел кесар тілігі операциясы арқылы босанды. Ота сәтті өтті.

«Бірнеше минут айырмашылығымен дүниеге келген үш қыздың салмағы 2 келіден сәл асады. Салмағы аз болғандықтан нәрестелер бір тәулік бойы реанимация бөлімінде болып, кейін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды. Онда олар 8 күн жатты. Осы уақыт ішінде нәрестелер дәрігерлердің бақылауында болды»,– деді ведомстводан.

Шала туылған нәрестелердің денсаулығын қадағалаған және оларды күткен дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында анасы мен балалары үйіне шығарылды. Сондай-ақ, нәрестелерге күтім жасау, тамақтандыру бойынша кеңестер берілген. Қазір ана мен сәбилердің жағдайы жақсы. Айта кетейік, биылғы 6 айдың ішінде Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына көп ұрықты 135 жүкті әйел келіп түскен, оның 4-еуі үшем болған.

ҚазАқпарат

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)