jasqazaq.kz

Алматыда үшем дүниеге келді

06 қазан 2021, 16:16

Алматылық жас отбасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 14 тамыз күні Алматы қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері 21 жастағы жүкті келіншекті қабылдап, босандырып алды. Ол үшемді дүниеге әкелді. «Сәбилер мерзімінен бұрын 902 грамм, 924 грамм және 916 грамм болып шала туған. Дегенмен дәрігерлер осы екі қыз бен ұл баланың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Дүниеге келген үшем бастапқыда тыныс алу апаратында болды. Күту кезеңі оң динамикасын көрсеткен соң, жаңа туған нәрестелердің жағдайы тұрақталып, жалпы бөлімшеге ауыстырылды. Қазіргі уақытта босанған әйел мен балаларының жағдайы қанағаттанарлық»,- деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Жас ана мен үшем бір жарым айдан кейін перинаталдық орталықтан үйіне шықты. «Тағдыр бізге үлкен бақыт сыйлады. Бүлдіршіндерге Мұхаммед, Әмина және Сумая деген есім бердік», — дейді балалардың анасы Марал Жолдыбаева. Алдағы уақытта балаларды отбасының тұрғылықты жері бойынша емхана дәрігерлері қадағалайды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия