jasqazaq.kz

Алматыда үшем дүниеге келді

13 шiлде 2021, 16:20

Алматыда үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 26 мамыр күні Алматы қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері 24 жастағы аяғы ауыр келіншекті қабылдап, түскі уақытта үшемді босандырып алды. «Сәбилер мерзімінен бұрын 910 грамм, 930 грамм және 980 грамм болып шала туған. Дегенмен дәрігерлер осы үш қыздың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Дүниеге келген үшем реанимация бөлімшесінде жатты. Реанимациядан кейін қарқынды терапия бөлімшесінде ем алды. Күту кезеңі оң динамикасын көрсеткен соң жаңа туған нәрестелердің жағдайы тұрақталып, жалпы бөлімшеге ауыстырылды. Қазіргі уақытта босанған әйелдің және 3 қыздың жағдайы қанағаттанарлық»,- деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Жас ана мен үшем 47 күннен кейін перинаталдық орталықтан үйіне шықты. Бүлдіршіндерге Асылым, Аяулым және Сезім деген ат қойылды. Алдағы уақытта балаларды отбасының тұрғылықты жері бойынша емхана дәрігерлері қадағалайды. Жас ана Айым Сағатбектің айтуынша, үшем екенін алғаш білген кезде аздап қорқыныш болған. «Сәбилердің жынысы маңызды болмады. Босанғаннан кейін сәбилерді бірден реанимацияға алып кетті, дәрігерлер өте жақсы қарады. Реанимация бөлімшесінен 10-15 күн аралығында бірінші екі қыз шықты, содан кейін Сезімді шығарды» — дейді ол.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия