
Радардан жоғалып кеткен «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаны мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы әуежайдың сыртқы аумағына құлады. Тірі қалғандар бар. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс жүргізіп жатыр. Айта кетейік, бұған дейін бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
https://youtu.be/p8FZdQkxzmo
Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22 — де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Ұшақ екі қабатты құрылыс нысанына соғылған. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жұмыстары жүзеге асырылуда.
Әуе апаты салдарынан 7 адам қаза болғаны хабарлануда.