jasqazaq.kz

Алматыда үш жігітті қаққандардың көліктері табылды

27 тамыз 2019, 10:50

Алматы полицейлері үш жігітті әдейі қағу оқиғасына қатысы бар екі автокөлікті мамандандырылған автотұраққа орналастырды. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу басқармасының мәліметі бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлімі бойынша тергеліп жатқан қылмысты істің заттай айғағы ретінде екі көлік — ақ түсті Тoyota Camry мен қара түсті Toyota Avensis табылды. «Екі көлік құралы да қылмыстық зертханада тексерілді, адам қаққанының белгісі бар. Тиісті сараптама тағайындалды. Қазір көліктер мамандандырылған автотұраққа қойылды, қылмыс құралы болғандықтан оларды қолдануға тыйым салынды», — деді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы басшысының орынбасары полиция подполковнигі Думан Аухадиев. Сондай-ақ ол түнде полиция жедел бөлімінің қызметкерлері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, 1995 жылы туған А. есімді азамат қолға түскенін айтты. Ол Toyota Camry маркалы көлікті тізгіндеген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. «Қара түсті шетелдік көліктің жүргізушісі анықталды. Оны ұстау — уақыт еншісінде. Ол адамдарды қаққан Toyota Avensis көлігі табылды және тұраққа қойылды. Бұл іс барысында тергеу жан-жақты және әділ жүргізіледі», — деді подполковник Аухадиев.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде