jasqazaq.kz

Алматыда үш жігіт көлік катализаторын ұрлап келген

08 маусым 2022, 17:05

Алматыда көліктердің катализаторын ұрлаған 1998, 1999 және 2000 жылы туған азаматтар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұрылардың ақырғы ісі 5 маусымда Медеу ауданында тіркелді.

«Үй ауласында күдіктілер «Тойота Прадо» автокөлігінен катализаторы бар сөндіргішті толық шешіп, алып кеткен. Сонымен 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сол күні күдіктілер ұсталды. Олардан бөлшектерді кесуге арналған арнайы құралдар тәркіленді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Ұсталғандар өз кінәларын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың Түрксіб, Бостандық, Әуезов аудандарында осыған ұқсас 9 эпизодқа қатысы бар екені дәлелденді. «Тойота Прадо» көлігінің катализаторы тәркіленіп, қылмыстық іске қосылды», — деді қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ ол катализаторларды қабылдаушы болып жұмыс істейтін сатып алушының ұсталғанын мәлімдеді.

«Ол көліктердің катализаторларын бөлшектелген күйде алғанын, кейін металдың құрамы мен құнын анықтайтын арнайы анализатор арқылы бағалау жүргізгенін айтты. Осыдан соң катализаторларды тапсырушы адамға акт толтырылып, катализаторларды ары қарай зауытқа сату үшін дайындаған. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру, тергеу шаралары жүргізілуде», — деді полиция полковнигі.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық