jasqazaq.kz

Алматыда үш көше ұзартылып жатыр

19 мамыр 2022, 17:46

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қаладағы көшелер қалай ұзартылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің айтуынша, Наурызбай ауданында Абай даңғылы мен Төле би және Жұбанов көшелері ұзарады.

«Абай даңғылы ауданның әкімшілік орталығынан қала шекарасына дейін 600 метрге ұзартылатын болады. Ол үшін 73 жер учаскесін сатып алу қажет, 41 учаске сатып алынды, қалғандары 2023 жылдың соңына дейін құрылыс барысында алынады», — Ерболат Досаев.

Қазір Төле би көшесі ұзартылып жатыр. Биыл Алматы қаласының әкімдігі инженерлік коммуникацияларды қайта орнатып, «Алма Сити» тұрғын үй кешенінің жанынан жол төсеу жұмыстарын жүргізеді.

«Осы жылдың соңына дейін Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қаланың шетіне дейін ұзарту жобасы аяқталады. Осы аталған жобаларды орындау көлік ағымын азайтады және Наурызбай ауданының мегаполистің іскерлік орталығымен көліктік қатынасын қамтамасыз етеді», – деді қала басшысы.

Сонымен қатар, биыл Наурызбай ауданында «Шұғыла» және «Тастыбұлақ» шағын аудандарында 14,5 км жолды жөндеу және «Ақжар» шағын ауданындағы 89 көшеге 45 км жол төсеу жұмыстары басталды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр