jasqazaq.kz

Алматыда үш балалы әйелді екі еркек зорламақ болған

05 қантар 2020, 17:21

Алматыда үш балалы әйелді аяусыз соққыға жығып, зорламақ та болған. Адам төзгісіз бұл оқиғаның мән-жайын «Не молчи KZ» қоғамдық қоры facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбадағы дерекке сүйенсек, үш баласы бар әйел үй жөндеумен, ағартып, бояу, әрлеу жұмыстарымен айналысқан. 29 желтоқсанның кешінде оған жұмыстан қоңырау шалып, жалақысын алып кетуін сұраған.

— Ол ақшасын аламын деп өзі жұмыс істеген нысан басына барған. Мас жұмысшының бірі оған тиіспек болып, денесіне қолын жүгірткен. Ер адамның ағасы бұл жағдайға куә болып, әйелге көмектескеннің орнына есікті іштен бекітіп жапқан. Әйел көмекке шақырып, жан дауысымен шырқырап айғайлай бастайды, сол кезде әлгі екеу оны аяусыз соққыға жыққан. Арпалыс кезінде әйел туысына қоңырау шалып үлгерген, ол полиция шақырған. Полиция 16 минутта оқиға орнына шұғыл жеткен, бірақ әйел адам төзгісіз күйде болған, тіпті оны шешіндіріп те үлгерген. Полиция бөлімшесіне келгенде әйел естен танып, оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Ол аурухана да есін жинай алмай, талықси берген. Тек бес күн өткен соң ғана медициналық сараптамаға келген. Түрксіб ауданының тергеушілері, бұрынғы әдетіне басқан. Олар зардап шегуші мен жәбірленушіні татуластыруға тырысқан, күдікті ағайынды жігіттер тағы да бостандықта жүр, салдарынан зорлық-зомбылық құрбаны қудалау мен қорқытуға ұшырауда! — деп жазды автор.

Ол бұл оқиға туралы Алматы полиция басқармасына хабарланғанын және іс жеке бақылауға алынғанын айтады. Бірақ та ол әлі күнге дейін әйелдің өмірі үшін қорқатынын жеткізіпті.

Сондай-ақ, жазба авторы желіде қылмыс жасалғаннан кейінгі бес күннен соңғы зардап шегушінің адам төзгісіз суреттерін жариялады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық