jasqazaq.kz

Алматыда үш адамды қағып, қашып кеткен шетел азаматы Түркістанда қолға түсті

14 ақпан 2022, 18:18

Алматы облысында шетелдік жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

7 ақпан сағат 23:00 шамасында белгісіз бір жүргізуші Жапек батыр-Комсомол автожолының бойымен солтүстік бағытта үш жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ЖКО орнынан ізін суытқан. 18, 17 және 16 жастағы зардап шеккендер әртүрлі жарақат алды. Соқтығысу салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі алған жарақаттарынан қайтыс болды, екеуі түрлі дәрежедегі дене жарақатымен ауданның орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында жүргізуші анықталып, ұсталды. Ол көрші мемлекеттің азаматы, Іле ауданының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша жергілікті полицияда тіркелді, күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп түсіндірді Іле АПБ бастығы Бауыржан Қабдулданов.

Тексеру барысында Өзбекстан азаматы өзі үшін көлік құралын сатып алғаны белгілі болды, бірақ күдіктінің көлік жүргізу құқығына құжаттары жоқ.

Жол көлік оқиғасынан кейін күдікті жасырыну мақсатымен Түркістан облысына шығып кеткен. Бірақ тәжірибелі жедел уәкілдер оның тұрған жерін анықтап, Алматы облысы Іле ауданының полициясына жеткізді.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр