jasqazaq.kz

Алматыда ұрланған көліктердің VIN-кодын өзгерткендер ұсталды

25 қараша 2022, 16:16

Алматы полицейлері ұрланған көліктердің VIN кодтарын ауыстырған орынды тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күдіктілер жұмыс істеген гараждан жиынтық мәліметтерін жою үшін дайындалған түрлі маркалы 10 көлік табылды. Арнайы операцияны Түрксіб ауданының ДП мен криминалдық полиция қызметкерлері жүргізді.

Күдіктілер бұрын сотталған. Олар осы гаражды жалға алғандарын, көліктердің жиынтық деректерін өзгертумен айналысқанын мойындады», — делінген хабарламада.

Гаражды тексеру кезінде пайдаланылған және пайдаланылмаған металдар, қағаз жапсырмалар, бірнеше мемлекеттік нөмірлер, ноутбуктер, мониторлар мен процессорлар табылған.

«Сонымен қатар, сот-медициналық сарапшылар жиынтық деректерді өзгерту үшін қолданылатын екі лазерлік таңбалау аппаратын, алфавиттік және сандық белгілеулері бар металл баспаларды, көлік құралдарының жиынтық деректерінен ұқсас қаріптерді тәркіледі.

Қазіргі уақытта сәйкестендіру нөмірлері өзгертілген көліктерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», — деп қосты полицейлер.

Күдіктілер қамауға алынды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр