jasqazaq.kz

Алматыда ұрланған көлік құралдарын бөлшектеп сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

16 қыркүйек 2021, 14:07

Алматыда ұрланған көлік құралдарын бөлшектеп сатумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық криминалды полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысты бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталған Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғынын және осыған дейін екі рет сотты болған 25 жастағы ер адамды ұстады.

«Оларды ұстамас бұрын біздің басқарма қызметкерлері күдіктілердің әрқайсысының атқаратын қылмыстық әрекеттерін арнайы операция барысында зерделеп, ұрланған көлік құралдарын бөлшектеп сатуға жауапты адамды да анықтады. Аталған қылмыстық топ алты адамнан құралған. Олардың үлкендерінің жасы 47-де болса, ең жас күдікті 25-те. Бұлардың барлығы оңай жолмен пайда табуды көздеген. Дәлірек айтқанда, екі күдікті өздерін қала базарларының бірінде қосалқы бөлшектер сатумен айналысатын жеке кәсіпкер ретінде таныстырған. Алайда олардың сауда нүктелерінде тек қана ұрланған көлік құралдарының қосалқы бөлшектері ғана саудаланған», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Тергеу барысында қаскөйлердің 10 көлік құралдарын ұрланғандықтары белгілі болды. Олар көбінесе ескі үлгідегі BMW, Lada, Nissan, Audi, Volkswagen көліктерін қолды етіп отырған.

«Қазіргі таңда үш автокөлік толығымен анықталса, қалған жеті көліктің қайда жасырылғаны анықталуда. Күдіктілердің айтуы бойынша, олар ол көліктерді көршілес облыстарға апарып үлгерген. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда», – деп атап өтті Науатов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия