jasqazaq.kz

Алматыда үндістандық студентті өлтіріп кеткен

13 қараша 2018, 11:02

Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің студенті Кумар Хемант Алматыда Мақатаев көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерден өлі табылды. Студентті өлтірді деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дереккөзге сүйенсек, Үндістаннан келген студент пәтер жалдап тұрған. Видеокамераға түнгі сағат 12-ге қарай пәтерге студент пен әйел адамның кірген сәті түсіп қалған. Ал таңғы сағат 4-те пәтерге, алдын ала болжам бойынша, әйелдің күйеуі немесе онымен бірге тұратын ер адам кірген. Сағат 8-де студент ес-түссіз жатқан. Дереккөздің айтуынша, пәтер иесі полиция мен жедел жәрдем шақырған. Бірақ студент ауруханада қайтыс болған. Алматы қалалық Полиция департаментіндегілер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Студентті өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Ал құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел адам алкоголь ішкен. Күдікті қамауға алынды. Университеттегілер Кумар Хеманттың медицина факультетінде оқығанын растады. Сондай-ақ, олар жатақханамен тек бірінші курс студенттерінің қамтамасыз етілетінін хабарлады. Қазіргі уақытта университет өкілдері Үндістан консулымен студенттің денесін отанына жеткізу мәселесімен айналысып жатыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді