jasqazaq.kz

Алматыда ҰҚШҰ елдерінің СІМ басшылары бас қосты

11 маусым 2018, 11:57

Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мүше елдерінің Сыртқы істер министрлері бас қосып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыртқы істер министрлер кеңесінің кезекті отырысы ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен ашылды. ҚР СІМ басшысы РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты Ресей күнімен, футболдан әлем чемпионатының ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, Қайрат Әбдірахманов армян өкілі Зограб Мнацаканянды жаңа қызметімен құттықтады. «Сіздер қауырт шаруаларыңызға қарамастан Алматыдағы шараға келіп қатысып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», — деді Қайрат Әбдірахманов.

Басқосу күнтізбесінде 12 мәселе қарастырылады. Министрлер ұйым жанындағы сыртқы саясат мәселелері бойынша үйлестіруді, сондай-ақ халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқыламақ. Кездесу барысында делегаттар трансшекаралық сын-қатерлер, бірінші кезекте террористік ұйымдар тарапынан болатын қауіп-қатерлерге қарсылық көрсету бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, министрлер Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының арнайы жол картасында белгіленген «БҰҰ халықаралық бейбітшілік қызметін дамыту мүддесінде (2018-2021 жылдарға арналған) ҰҚШҰ бейбітшілік тудыру әлеуетін пайдалануға жағдай жасау» тақырыбын талқылайды. Сондай-ақ, «ҰҚШҰ мен Халықаралық Қызыл крест пен Жарты ай комитеті мен ҰҚШҰ арасындағы хаттама», «ҰҚШҰ мүше елдері мүдделеріне сәйкес үйлестірілген ақпараттық саясатты дамыту бойынша шаралар жоспары», ҰҚШҰ мүше елдерінің заңсыз көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді қарастырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде