jasqazaq.kz

Алматыда үйден өрт шығып, екі адам мерт болды

13 сәуiр 2020, 10:34

Алматыда үйден өрт шығып, екі адам мерт болды. Оқыс оқиға 12 сәуір күні Медеу ауданында болған.

Өрт сөндіру қызметіне Сазановская көшесіндегі № 68 үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар сағат 21:08 – де түскен.

«Өрт сөндіру бөлімі өрт шыққан жерден 1,5 км қашықтықта орналасқан. Сондықтан алғашқы бригада 5 минутта жетті. Осы уақытта үй отқа оранып үлгерген. Құтқарушылар жанып жатқан үйден екі адамды алып шықты. Олар 1998 жылы туған ер адам және 1989 жылы туған әйел адам»,– деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Екеуіде бірден дәрігерлердің қолына табысталғанмен, аман алып қалу мүмкін болмады.

Өрт 15 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынды ауыздықтауға 21 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі