jasqazaq.kz

Алматыда үй тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

18 қазан 2019, 12:53

Алматыда үй тонау қылмысының беті ашылды. Тәртіп сақшылары бір топ пәтер ұрыларын ұстады. 

Полицейлер Алматының «Дорожник» ықшамауданында қылмыстық топты әшкерелеу үшін арнайы операция өткізді. Олар пәтерді тонап, шығып келе жатқан бес адамды ұстады. «Ұрылар қылмыс үстінде ұсталды, яғни кезекті пәтер тонау кезінде. Сондай-ақ, олардың бірнеше сағат бұрын Түрксіб ауданында орналасқан екі жеке үйді тонағаны белгілі болды. Күдіктілер ақша, құндыз тон мен зерігерлік бұйымдарды ұрлаумен айналысқан. Ұстау кезінде олардан жоғарыда аталған заттар тәркіленді. Күдіктілер қылмыстық жолмен тапқан олжасын «Volkswagen» көлігіне салып отырған»,-дейді Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин. Күдіктілер — Алматы облысының тұрғындары. Топтың ең үлкені — 34 жаста, ең кішісі — 29 жаста. Бес адамның төртеуі қарақшылық, тонау, біреудің мүлкін ұрлау және төбелес кезінде өлімге әкеліп соқтырғаны үшін бұрын сотталған. «Олардың бәрі бұрын істі болған азаматтар. Сонымен қатар, олар жерлес болып шықты. Олардың мегаполисте қанша уақыттан бері жүргенін және осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын жақын арада анықтаймыз»,-деді Жанболат Зиадин.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда