jasqazaq.kz

Алматыда үй өртенді (Видео)

04 қазан 2021, 11:32

Алматыда жекеменшік үй өртенді.

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының жоғары жағынан қою қара түтіннің видеолары пайда болды.

Мәлімет бойынша, өрт Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында болған.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, 4 қазан сағат 06: 44-те өрт сөндіру топтары Алмагүл ықшам ауданы, Дружба көшесі, 38 үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар алды.

«Өрт сөндіру бригадасы келгеннен кейін жеті минут ішінде тұрғын үйдің бірінші қабатының ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрттің көрші үйлерге таралу қаупі болды. Ағаш қабықтары мен жанғыш, оқшаулағыш заттардың әсерінен өрт тез таралды», — деп хабарлады ТЖД.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт бір сағатқа жетпей, сағат 07:38 -де оқшауланды. Дәл 08:00-де толық өшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 9 техника мен 30-дан астам жеке құрам жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің көрші үйлер мен ғимараттарды қорғауға алғаны айтылды.

 

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия