jasqazaq.kz

Алматыдағы барахолкадан өрт шықты (видео)

04 шiлде 2017, 10:38

Алматыда барахолкада бутик өртенді. Куәгерлер оқиға орнынан видеолар жолдап жатыр. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті базарда өрт болғанын растады.

«2017 жылдың 4 шілдесінде сағат 08.35-те Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің «101» пультіне Алатау ауданында бутиктің өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келді. Өрт сөндірушілер оқиға орнында. Өрт сөндіріліп жатыр», — деді Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Куәгерлердің айтуынша, өрт «Алатау» базарында щыққан. Ал сағат 09.34-те Алматы қалалық ТЖД өкілдері өрт сөндірушілердің «Алатау» базары аумағында өртті сөндіргендерін хабарлады. «Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жедел түрде өрт жайылып кетпей тұрып, төтенше жағдайды тоқтатты. Халық тұтынатын тауарлар сататын екі контейнерде өрт шыққаны анықталды. Өрт сағат 09.06-да сөндіріліп, сағат 09.20-да ауыздықталды. Өрт 60 шаршы метр аумақты қамтыды», — деді Алматы қалалық ТЖД өкілдері.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді