jasqazaq.kz

Алматыда вакцинация паспорты сатылады ма?

28 сәуiр 2021, 12:12

Алматыда вакцинациядан өткені туралы электронды паспорттан сатылып жатыр деген ақпаратқа қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Делдалдар Алматыдағы бірнеше клиникалардың атынан вакцинациядан өткені туралы электрондық паспорт сатып жатқаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратқа сәйкес, электронды құжаттың құны клиникаға байланысты 5 мың мен 25 мың теңгенің арасында ауысып тұратынын айтты.

Ақпаратты қоғамдық денсаулық сақтау басқарамысы түсіндірді.

«Мұндай іс-әрекеттің қылмыстық сипатта екендігін және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ресми түрде хабарлаймыз. Осы факт жарияланған сәттен бастап арнайы қызметтік тергеу басталды. Қазіргі уақытта вакцинациядан өту туралы электронды паспорт беру фактісі расталмады. Барлық медициналық ұйымдар, ақпараттық жүйелер мен мәліметтер базасын тексеру басталды. Тергеу нәтижелері бұл ақпаратты растаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына беріледі», — деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия