jasqazaq.kz

Алматыда вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істейді

28 маусым 2021, 17:36

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істейтінін айтты.

Оның айтуынша, қызметкерлері толықтай вакцина салдырған болса офисте бұрынғыдай жұмыс істей алады.

«Мекемелердің, кеңселердің жұмысына қатысты сұрақ өте жиі қойылады. Егер Ashyq жүйесіне қосылмаған болса, қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан, 20 пайызы кеңседен жұмыс істей алады. Қызметкерлері толық вакцина салдырған болса пайыздық үлес ескерілмейді, тек вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істеуге жіберіледі», — деді Жандарбек Бекшин.

Бекшин тұрғындарды эпидемиологтар мен дәрігерлерге жауапкершілікпен қарауға шақырды. Оның айтуынша, қазір бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды жиі жуу мен вакцина алу сынды санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия