jasqazaq.kz

Алматыда ТЖД бөлім басшысы пара алғаны үшін 7 жылға сотталды

24 желтоқсан 2020, 15:21

Алматыда қалалық ТЖД Түрксіб аудандық бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды. ҚазАқпарат бұл туралы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментінің мәліметінше, Н. Нұрташевқа жеке компаниялардың басшыларынан бопсалау арқылы бірнеше рет пара алды деген айып тағылған.

«Нұрташев «Хозу-Алматы» ЖШС бас директоры Александр Бирюковтан коммерциялық қызметіне қамқорлық көрсеткені үшін 20 мың теңге, сонымен қатар, терминалдардың металл конструкцияларында өртке қарсы бояумен өңдеудің болмауы түрінде анықталған заңбұзушылықты бұйрықта көрсетпеу үшін тағы бір жеке компанияның басшысынан 840 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», — делінген ведомства таратқан хабарламада.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен Н. Нұрташев 7 жылға, А. Бирюков 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия