jasqazaq.kz

Алматыда Түркі кеңесі министрлерінің кездесуі өтіп жатыр

31 қантар 2019, 11:58

Алматыда Түркі кеңесінің Ақпараттық-коммуникациялық технологияларына жауапты министрлердің ІІІ отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлер түркітілдес елдердегі ақпараттық технологиялық байланыстар мəселесін талқылау үшін бас қосты. Жиынға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Түркия Республикасы Көлік және инфрақұрылым министрі Мехмет Жахит Турхан, Қырғыз Республикасының Ақпараттық технологиялар және байланыс комитетінің төрағасы Бақыт Шарщембиев, Әзербайжан Республикасы көлік, коммуникация және жоғары технологиялар министрінің орынбасары Эльмир Велизаде, Венгрияның Ақпараттық коммуникациялар, инновациялар және технологиялар Мемлекеттік хатшысының орынбасары Карол Балаш Солимар қатысты. «Өздеріңізге белгілі, былтыр қыркүйек айында Қырғыз Республикасының Шолпон Ата қаласында Түркі кеңесінің саммиті өтті. Онда түркі мемлекеттерінің басшылары ел үкіметтеріне, Түркі кеңесі хатшылығына тапсырма берді. Саммиттен кейінгі айларда экономика, сауда байланысы, туризм саласында үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Нақты айтсақ, инвестициялық қор құру жəне ортақ сауда өндіріс палаталарын ашу мəселелері талқыланды. Бүгінгі кездесу барысында ақпараттық коммуникациялық саладағы министрлердің бас қосуы болып отыр. Бүгін негізінен 4 негізгі бағыт бойынша талқылау өтеді. Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың мəні зор»,- деді Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Əміреев. Маңызды отырысқа дейін мүше мемлекеттердің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша Түркі кеңесі Жұмыс тобының төртінші отырысы өттті. Мүше мемлекеттер киберқауіпсіздік, электрондық үкімет, спутниктік қызметтер және TASIM жобасы/талшықты инфрақұрылым, сондай-ақ ақпараттық коммуникациялық технологиялармен байланысты басқа да басым мәселелер бойынша ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде