jasqazaq.kz

Алматыда тұрғындарға пышақ тақап, тонап кеткендер ұсталды

28 шiлде 2022, 13:43

Алматыда пышақпен қаруланған жастар өтіп бара жатқан адамдарды тонаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1,4-тармағында көзделген – тонау, яғни ұрлық мақсатында бөтеннің мүлкіне күш қолдану арқылы, адамдар тобының сөз байласуы бойынша қару қолданумен жасалған ұрлық, қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 2005 жылы туған Д.есімді азамат, 2005 жылғы Ж.есімді азамат, 2005 жылы туған Н.есімді азамат және 2003 жылғы Б.есімді азамат ұсталды. Олар заңсыз баю мақсатында пышақпен қорқытып, өтіп бара жатқан адамдарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен басқа да мүліктерін тартып алған.

Бір қызығы, олар саябақтар мен халық көп жиналатын жерлерде жүрген. Олар қорғансыз азаматтарға түнгі уақытта ғана шабуыл жасаған. Аталған адамдар ұсталды, олар қарақшылық шабуыл жасағандарын мойындады», — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дәурен Өтебаев.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр