
Полиция бөлімінің мәліметінше, пәтерлерді тексеру кезінде притондарды ұйымдастырып, жезөкшелікпен айналысу ісіне қатысты 41 факт тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Қазіргі уақытта притондары ұйымдастырушылар жөніндегі барлық ақпарат Алматы қаласы ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жіберілді. Сонымен қатар полиция инспекторлары мен жол-патрульдік полициялары тексеріс жүргізіп, интимді қызмет көрсету мен жезөкшелік қызметтердің алдын алатын болады. Түрксіб ауданында жыл басынан бері полицейлер жеңіл жүрісті қыздарға қатысты 391 құқықбұзушылық тапты», – деді Түрксіб аудандық ІІБ басшысы Талғат Беркенбаев.
Полицейлер кәмелет жасқа толмағандардың жезөкшелікпен айналысуы, притон ұйымдастыру, жеңгетайлықпен, жезөкшелікпен айналысуға ғимарат бергені үшін ҚР заңына сай қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеді.