jasqazaq.kz

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды (Видео)

30 маусым 2022, 14:02

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды. Лифт 25-қабатқа жылдамдықпен көтеріліп, ғимараттың төбесіне соғылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төтенше жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Лифтте бір адам болған.

«Mega Towers тұрғын үй кешеніндегі лифт 25-қабатқа соғылды. Отбасымызбен осы тұрғын үй кешенінде 4-қабаттан лифтпен түстік. 1-қабатқа түскенде меннен басқасының бәрі шықты. Есіктер жабылмастан, лифт жылдам жоғары көтеріле бастады. Жоғарыда біреу шақырып, есікті жаппады ма деп ойладым. Ол 7-қабатқа көтеріліп, одан әрі 25-қабатқа дейін жылдамдығы арта түсті», — делінген видео сипаттамасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRISP ALMATY | КРИСП АЛМАТЫ (@krisp_almaty)

Кадрларға қарағанда, ер адам қолын жарақаттап алған, лифт ішінде де қан көрінеді.

Алматы әкімдігі оқиға туралы ақпаратты растады. Оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін Тұрғын үй саясаты басқармасының мамандары шыққаны айтылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде