jasqazaq.kz

Алматыда түнгі клуб күзетшісі кісі өлтірді

17 қантар 2019, 10:38

Алматыда түнгі клубтардың бірінде кісі өлімі тіркелді. Аталған мекеменің күзетшісі мас күйінде өзінің танысын пышақтаған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қалалық полиция көңіл көтеру орнының басшысы, «Голд Люкс» ЖШС директоры Райымбек Биқалиевті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған ҚР ӘҚбК 493-бабының 3-бөлімімен 50 500 теңге айыппұл салынды. «Клуб иесі күзетшіні жұмысқа қабылдау кезінде селқостық танытқаны үшін жазаланып отыр. Бұл адам бұрын сотталған болып шықты. Осылайша ол келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек түгілі олардың өміріне қауіп төндірген. Соның кесірінен адам өліп отыр. Бірнеше күн бұрын күзетші ішімдік ішіп алып, өзінің танысымен жанжалдасып, артынан пышақтап тастаған. Ер адам сол жерде көз жұмды. Қазір күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Утебаев. Сонымен қатар, құзырлы органдар аталған демалыс орнының орналасуынан да заңбұзушылықтар тапты. Бұл түнгі клуб Іле-Алатауы ұлттық паркінің территориясында, су аймағында орналасқан. Клуб иесі ғимаратты өз еркімен бұзу туралы өтінішті елемеген. Енді бұл ғимарат сот арқылы мәжбүрлі түрде сүрілетін болады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық