jasqazaq.kz

Алматыда түнде дрифт жасаған жүргізуші жазаланды (видео)

13 сәуiр 2021, 16:23

Алматыда түнде дрифт жасаған жүргізуші жазаланды.

Әлеуметтік желіде түнгі уақытта қатты жылдамдықпен қауіпті маневрлер жасаған видео пайда болды. Жергілікті полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерден жол қозғалысы ережелері мен азаматтардың тыныштығын өрескел бұзу дерегі түсірілген видеодағы құқық бұзушыны анықтап, оны жауапқа тартты.

«Бұл 1999 жылы туған Шамиль Жұмфаев болып шықты. Ол метро бекетінің алдындағы аймақта, Абай даңғылы мен Брусиловский көшесінің қиылысында «BMW» маркалы автокөлікпен заң бұзушылық жасаған. Бұл жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін нақты қауіп төндірген әрекет болды. Тексеру кезінде де Жұмфаевтың жол жүру ережелерін, оның ішінде жылдамдықты жиі бұзатындығы анықталды. Оның жалпы сомасы 197 727 теңгеге тоғыз жол ережесін бұзғаны үшін қарызы бар»,- дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров. Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 630-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде