jasqazaq.kz

Алматыда түнде болған оқиғаның мән-жайы белгілі болды (видео)

26 тамыз 2019, 14:35

Алматы полициясы көліктің адамдарды жаппай қаққаны туралы оқиғаның мән-жайын айтты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

 

Оқиға 26 тамызда шамамен таңғы 5-те Алматы қаласының Бостандық ауданында болған. Себеп — көрші тұрған екі көңіл көтеру орындарының келушілері арасындағы жанжал шыққан. «Жанжал соңында ерегескендердің бірі қарсыластарын көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Олардың аты-жөндері анықталды, қазіргі уақытта оларды ұстау шаралары жүріп жатыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293бабы, 345-бабы 2-бөлігі және 347-бабы бойынша іс қозғалған. Бостандық аудандық полиция басқармасының мамандары мен полиция департаментінің тергеу басқармасы осы іспен айналысып жатыр. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау және көліктерін тәркілеу шаралары жүріп жатыр», — деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Полиция мәліметінше, осы оқиға салдарынан үш адам зардап шеккен, Олардың қолы, аяғы жарақаттанған, бас сүйек миы шайқалған. Олар қаладағы медициналық мекемелерге жеткізілді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде