jasqazaq.kz

Алматыда туған әкесі 4 жасар қызын азғындап келген

04 желтоқсан 2020, 14:02

Алматыда 7 баланың әкесі 4 жастағы туған қызын азғындағаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жеті баланың анасы күйеуінің орнына жұмыс істеп, отбасын асырап келген. Алайда ол күйеуінің кішкентай қызын ұрғанына көндікпей, «Немолчи» қорына көмекке жүгінген. Артынша іс сотқа дейін барып, келіншек күйеуінің уәдесіне сеніп, оған кешірім береді.

«Бірінші рет ол осы жылдың 28 сәуірінде пандемия кезінде қоңырау шалды. Келіншек күйеуі 4 жасар қызын ұрып тастағаны туралы айтқан. Көпбалалы ана күйеуі жұмыс істемейтінін, отбасының жалғыз асыраушысы өзі екенін жеткізді. Біз қалалық полиция департаментіне жүгіндік. Олар тез жұмыс істеп, учаскелік полиция қызметкері істі сотқа өте адал жеткізді. Сотта күйеуі оны кешіруді сұрады, өкініп, кінәсін мойындады. Әйелі 15 тәулікке қамауға алуды сұраған. Бірақ судья оған 10 АЕК айыппұл салды. Бұл қаражатты да келіншектің өзі өтеген. Ерлі-зайыптылар ажырасып, кейін қайтадан қосылған», — делінген жазбада.

Бірақ, көпбалалы ананың оқиғасы мұнымен бітпепті. Келіншек 4 жасар қызын күйеуі азғындап жатқан жерінен түскен.

«5 қараша күні сағат 00.32-де ол тағы да дыбыстық хабарлама жіберді. Келіншек күйеуінің 4 жасар қызына зорлық-зомбылық көрсеткенін айтты. Әйел кіріп келген кезде күйеуі шалбарын көтеріп, жуыну бөлмесіне кетіп қалған», — деп жазды олар.

Тергеу басталғаннан кейін, күйеуінің тустары кешірім беруін сұрап ақша да ұсынған. Оған қоса, туыстары балалармен көрісуге рұқсат беруін сұрапты. Алайда келіншек келіспепті. Жағдайының нашар екеніне қарамастан, ол соңына дейін барамын деп отыр.

Оқиғаға қатысты алматы қаласы полиция департаменті түсініктеме берді. Олардың сөзінше, қазір қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

«Аталмыш дерек қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша тіркелді. Қылмыстық кодекстің «Адам өміріне қасақана қауіп төндіру», «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету» баптары бойынша тіркеліп, қазіргі таңда Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен тергелуде. Күдікті азамат ұсталып, бірден уақытша оқшалу абақтысына қамалды. Қазіргі таңда қылмыстық істің аясында тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Жасалған қылмыстың толық мән-жайы тергеу барысында анықталады», — дейді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия