jasqazaq.kz

Алматыда цифрландыру аясындағы республикалық жоба шеңберінде семинар өтіп жатыр

28 қыркүйек 2018, 16:40

26-27 қыркүйек күндері МОST бизнес-инкубаторында «QDigitalInform» семинары барысында сарапшылар алматылықтарға блокчейн технологиясы мен қазақ тілді аудитория үшін электронды құжат айналымы жүйесін талқылап берді.

Семинар қазақ тілді БАҚ ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылады.

Аталмыш семинарлар еліміздің 7 өңірінде 2018 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында өтеді. Шараны Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры ұйымдастырып жатыр.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы экономикалық және қоғамдық-саяси саладағы еліміздің инновациялық даму тұғырнамасы болып табылады. Осыған орай, «365info», «Caravan», «JasQazaq» ақпараттық-талдау ресурстарында жарияланатын мәлімет мақсатты аудиторияға бейімделетін болады. Осы порталдардың басты мақсаты – оқырмандарға белгілі тақырыптағы қажетті ақпаратты мемлекеттік тілде табу», — деп ұйымдастырушылар ойымен бөлісіті.

Семинар қонағы, «Караван» медиа-порталының қазақша нұсқасының бас редакторы Мысекеев Темир осы тақырып бойынша ойымен бөлісті:

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының арқасында мемлекет халықтың өмірін жеңілдетуге, мемлекеттік органдардың жұмысын автоматтандыру және бақылауға мүмкіндік туғызады. Алайда, отандастарымыздың көп бөлігі шара барысындағы айтылған инновациялар мен жаңалықтардың барлығын біле бермейді және барлығын «ескі сәтте» жасайды. Цифрландыруда ақпараттық қолдауды жүзеге асырудағы қазақ тілді БАҚ өкілдерінің жұмысымыздың маңыздылығын кездесу кезінде еске салып өттім, себебі біз үкімет пен халық арасындағы көпір –коммуникацияның өзіндік түрі».

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді