jasqazaq.kz

Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды: зардап шеккендердің саны анықталды

23 тамыз 2021, 21:00

Алматыда жерасты өткеліне соғылған троллейбусқа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнынан жеті адам емес, төрт адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. «Тексеруден кейін олардың үшеуі бекітілген жердегі емханаға амбулаторлық емделуге жіберілді. Жарақат алғандардың бірі мамандандырылған бөлімге жатқызылды», — деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан. Еске салайық, 21 тамыз күні шамамен сағат 14:50-де Байзақов көшесінен кейін, батыс бағытында Абай даңғылының бойында жол-көлік оқиғасы орын алды. БН 1240 троллейбусының жүргізушісі қысқа ғана уақыттың ішінде өзін жайсыз сезініп, соның салдарынан рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан қоғамдық көлік өткелінің қабырғасына соғылған. Бұл факті полиция департаментінде тіркелген, мән-жайды анықтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия