
Алматыда қара түтінге оранған троллейбустың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Абай және Жароков көшелерінің қиылысында болған. Троллейбус қоғамдық көлік жүретін жолда бұзылған. Троллейбус жүргізушісі, өртті сөндіруге ұмтылып жатыр. Қазір оқиғаның мән — жайы анықталуда.