jasqazaq.kz

Алматыда троллейбус жүргізушісі қоршауды соғып, жұмысшыны шөлмекпен ұрған (видео)

17 шiлде 2017, 18:42

Алматыда троллейбус жүргізушісі жөнделетін жылу жолының алдына қойылған қоршауды соғып, оқиғаны видеоға түсірген жұмысшыны шөлмекпен ұрған. «Коммуналдық компанияның қызметкерлері жолды жауып қойды, меніңше, бұл дұрыс емес. Автобус жүргізушілері айналып өте алады.

Жүргізушілер ұрысып жатты, бірақ айналып өте алды. Ал троллейбус қалай өтеді? Олар троллейбусты өткізбей қойды. Оның рейсі бар, белгіленген уақыты бар. Жүргізуші тоқтап тұра алмайды ғой. Артында 10 троллейбус жиналып қалса, олар кейін жарысады. Ол өтіп кететінін айтып, өтініш жасады. Бірақ өткізбеді. Сәйкесінше, осылайша істеуі керек болды. Әрине, біздің жүргізушінің ісі дұрыс емес. Ол басшылыққа хабарлап, полицияны шақыртуы тиіс», — деді Green Bus Company директоры Бауыржан Құлышев. Оның сөзінше, жүргізуші ендігі жұмыстан шеттетілді және тіртіптік жауапкершілікке тартылды. «Бізде мұндай жағдайлар болған, мердігер компаниялар өз бетімен әрі рұқсатсыз троллейбус бағыттарын қаза бастаған. Автобус бағыттары жайлы айтпай-ақ қояйын, үйреніп алған, айналып өте береді. Жолдарда жөндей жұмыстары жүріп жатса, біз шығындаламыз. Өткен жылы троллейбус паркі бойынша 70 миллион теңгеден аса шығынға баттық және автобус паркі бойынша 180 миллион теңгеден асады. Жылу жолдары өз сметасында көлік компанияларының шығынын есептемейді. Бірақ олар минималдық сомаларды төлей бастады, шамамен 20-30 пайыздай», — деді Құлышев.

Tengrinews.kz

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі