jasqazaq.kz

Алматыда троллейбус қағып кеткен ер адам көз жұмды

06 қантар 2020, 11:37

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен троллейбус жүргізушісі апат кезінде өзін жайсыз сезінген. Оның қан қысымы көтеріліп кеткен. Бұл туралы «Алматыэлектротранс» АҚ өкілдері Facebook-тегі парақшасында жазды.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, №12-ші бағыттағы троллейбус жүргізушісі Қ.Сәтбаев көшесінің бойымен жолаушысыз автопаркке қарай бет алған. Жүргізуші Розыбакиев көшесіне жетпейтін тұста тұрған Lexus GS 300 және Honda Accord маркалы екі көлікті соққан.

«5 қаңтарда, шамамен сағат 23:20-де троллейбус жүргізушісі Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай автопаркке келе жатқан. Розыбакиев көшесіне жеткенде оның қан қысымы көтеріліп, ол есінен танып, көшеде тұрған Lexus GS300 және Honda Accord көліктеріне соғып, тротуарға шығып кеткен және жаяу адамды қағып кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, тасымалдаушы компания өкілдері, жедел жәрдем келді. Келген дәрігерлер жаяу жүргіншіге медициналық көмек көрсетті, бірақ ер адам ауыр жарақаттан сол жерде қайтыс болды. Марқұмның отбасына өтемақы төленеді», — деп жазды «АлматыЭлектротранс» АҚ .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде