jasqazaq.kz

Алматыда трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ұсталды

29 маусым 2021, 17:34

ҚР ҰҚК Ауғанстаннан Қазақстанға заңсыз жолмен есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Халықаралық арнайы операция нәтижесінде 2021 жылдың 15 маусымында Алматыда 25 келі ауыр есірткімен есірткі тасымалы арнасын ұйымдастырушы, «М» есімді азамат ұсталды. Ол ұқсас қылмысы үшін Ресейде де іздеуде жүрген. Аталған тұлға қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін Тәжікстан азаматының жалған паспортын қолданған, — деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Оның сыбайласы болған Қазақстан азаматы да ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді.

Есірткі тасымалы қылмысына қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жалғасуда.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия