jasqazaq.kz

Алматыда трамвайлар сатылымға шығарылады

09 қантар 2018, 16:08

Алматыда трамвайлар бәссаудаға қойылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Электронды сауда 2018 жылдың 19 қаңтарында өтеді.

Сатылымға 13 вагон шығарылады. Tatra KT4D маркалы трамвай құрамының сатылатыны туралы хабарлама Электронды сауда алаңы сайтында шықты. Бұл техника 2013 жылы Берлинде сатып алынған. Трамвай вагондары 2015 жылы трамвай депосы жабылғанға дейін жолаушы тасымалдады. «Алматыэлектротранс» ЖШС сатып алған 17 вагонның 13 -і бәссауда арқылы сатылмақ. Қосымша құжаттарда вагондардың техникалық жағдайы қанағаттанарлық деп көрсетілген. Сарапшылардың айтуынша, бұл техника пайдалануға жарамды. Әр вагонның бағалау құны 103 510 000 теңгеге белгіленіп отыр. Бәссауда бағаның төмендеуімен жүреді. «Бұл сауда түрінде бастапқы баға төмендей береді. Бірінші келісім берген тұлға сатып алушы болады», — делінген Электронды сауда алаңының сайтында. Ал қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл дерекке қатысты түсініктеме бермеді.

 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды