jasqazaq.kz

Алматыда Toyota Camry жолайрықтағы көпірден ұшты (Видео)

20 желтоқсан 2022, 11:29

Алматыда Toyota Camry биік көпірден құлап кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға кеше түнде Рысқұлов даңғылы бойындағы Күдерин көшесімен қиылыстағы жолайрықта болған.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі мәліметінше, оқиға түнгі сағат 01:50-де болған. Toyota Camry көлігін 20 жастағы жасөспірім тізгіндеген.

«Toyota Camry маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші, Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта, Кудерин көшесінің қиылысында, рөлді басқара алмай, жол өтпесінің батыс жағынан металл қоршау — кедергіге соғылып, одан әрі көпірден аударылып кеткен», — деді Алматы полициясы өкілдері.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_almata)

Оқиға салдарынан жүргізуші жарақат алып, қаладағы ауруханаға жеткізілді.

«Сонымен қатар, оның екі жолаушысы 1999 жылы туған азамат Г. мен 2003 жылы туған азамат К. медициналық көмекке жүгініп, олар да медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұл деректі Алатау ауданының полиция қызметкерлері өндіріске алды», — деп қосты Алматы полициясы өкілдері.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық