jasqazaq.kz

Алматыда төрт көлікті жайпап өткен мас жүргізуші қамауға алынды (видео)

09 қараша 2020, 21:33

Алматыда бірнеше көлікті жайпап өткен мас жүргізуші ұсталды. Рысқұлов даңғылы бойында бірнеше рет жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші туралы видеоға назар аударайық. Жарық доңғалағымен жер сырып жүрген бұл видео әлеуметтік желілер арқылы тарады. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Жол ережесін ескермеген жүргізушінің мас екені кейіннен белгілі болды. Рысқұлов даңғылы бойында ол бір емес 4 көлікті «сүзіп» өтіпті. Абырой болғанда апаттан ешкім зардап шекпеген. Бұзақы ұсталды. Полицияда тергеу амалдары жүріп жатыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қашқын ұсталды. Ол алкагольдік мас күйінде болғаны анықталды. Дереу көлік жүргізу құқығынан шығарылды. Қазіргі уақытта бұл оқиғаны Алатау аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр. Автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия