jasqazaq.kz

Алматыда төбелес болып, бір жігіт пышақталды

12 қазан 2021, 15:21

Алматыда 8 қазанға қараған түні төбелес болып, ер адам пышақ жарақатын алды.

Зардап шеккен адамның туысының өтініші бойынша Instagram-да көмек сұраған пост жарияланды.

Бұл – үмітсіздік пен әділетсіздікке, ең бастысы заңсыздыққа қарсы көмекке шақыру. Биыл қазанның 7-інен 8-іне қараған түні менің жиенім Айдарға түн ортасында танысы қоңырау шалып, белгілі бір мекенжай бойынша алып кетуді өтінген. Оқиға орнына келген кезде танысының досымен ұрысып қалғанын біледі. Нәтижесінде жастар арасында төбелес болып, Айдардың денесіне бірнеше жерден пышақ жарақатын салған. Ол ауруханаға жеткізілді, ота жасалды және қазір оның жағдайы өте ауыр. Видеодан көріп тұрғаныңыздай, ол сөйлей алмайды, дем алуы – қиын, деді туысы.

Қазіргі уақытта заңсыз жолмен белді таныстары арқылы оны осы оқиғаға кінәлі етіп қоймақшы. Қызметкерлер түсініктемесін өзгертуді талап етуде. Олар оны ауруханадан бүгін шығармақшы, екі жерден тігілген операциядан кейін төрт күн ғана өтті. Бұл қалай болғаны? деп туысы ашынды.
Оқиға туралы Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов ақпарат берді.

Бұл фактіні біз Наурызбай ауданының ПБ-да тіркедік. Тергеу аталмыш аудандық ПБ тергеушілеріне тапсырылды. Тергеу барысы бақылауға алынды, — деп постқа пікір ретінде жазды ол.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия