jasqazaq.kz

Алматыда «тіл мен көзден сақтайтын» алаяқ ұсталды

11 желтоқсан 2018, 11:16

Алматыда тіл мен көзден сақтаймын деп елді алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

34 жастағы Алматы облысының тумасы Әуезов ауданында «қызмет» етіп келген. Оның айтқанына сенген адамдар әрбір «қызметі» үшін қомақты қаражат төлеп отырған. «Негізінен ол әйелдерді алдап келген. Атап айтқанда, ол тіл мен көзді, дуаны алып, болашақты болжап беріп отырған. Тіпті бір адамнан келіншек 200 мың теңге алған. Алайда, оның көрсеткен қызметінен еш нәтиже болмаған. Сөйтіп алданған әйелдер полицияға арызданған. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша алаяқтық жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Егер осы әйелдің қызметінен жапа шеккен адамдар болса, 298-53-00; 298-53-01 және 298-53-02 телефондарына хабарласуын сұраймыз», — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов. Полицияның айтуынша, әйелдер оның қызметі жайлы ұзынқұлақтан біліп отырған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді