jasqazaq.kz

Алматыда тікұшақтар неге ұшып жүр?

13 тамыз 2020, 11:04

Алматы қалалық полициясы әуе патрульдері жұмысын қайта жандандырды. Оның мақсаты — қаладағы қозғалыс ахуалын жалпы талдау және мониторинг жүргізу, қолмен реттеуді ұйымдастыру үшін кептеліс туындаған жол айырықтарды анықтау, мегаполистің негізгі магистральдарын зерттеу, кептеліс құбылыстарының себептері мен жағдайларын зерттеу және оны жою. Бұл туралы  zakon.kz. хабарлайды.

  • — Соңғы жылдары Алматы қаласында көше мен автомобиль жолдарындағы көлік ағындарының тығыздығы едәуір артты, сондықтан полиция көлік қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша шаралар қабылдауда. Жол қозғалысына кедергілердің себептерін анықтау, қозғалысты ұйымдастыруға өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы жедел шешім қабылдау үшін жол бойындағы қауіпсіздіктің жай-күйін едәуір жақсартатын және ірі мегаполистің жолдарындағы жазатайым оқиғалар мен зардап шегушілер деңгейінің төмендеуіне тиімді әсер етуде қала төбесінде тікұшақпен патруль жүргізу тәжірибесін қалпына келтіру туралы шешім қабылданды, — деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен бірге полиция кеше кешкі уақыттан бастап тікұшақтардың ТЖД базасынан ұшуды орындауға көшкенін жеткізді. Әуе патрульдеріне әкімшілік полицияның және жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысады, олар жердегі жағдайды көктен бақылайды және патрульдік бригадаларға онлайн режимінде көлік қозғалысы шиеленіскен аудандар туралы ақпараттар беріп отырады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия