
Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлады. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері растады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Бұл оқиға сағат 16.05-те Алматы қаласы Наурызбай ауданы Таусамалы ықшамауданында болған. «Иә, растаймыз. Осындай жағдай болды. «Алатау» шипажайының аумағында болды. Салонда бір адам — ұшқыш болды — ол қаза тапты. Тікұшақтың кімге тиесілі екені әлі анықталмады», — деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. «Алатау» шипажайының аумағына «Sky Service» әуекомпаниясының «Еврокоптер-130″ маркалы жекеменшік тікұшағы құлады. Өртенген жоқ. Тікұшақта 1968 жылғы ұшқыш болды. Ол жедел жәрдем каретасында қаза болды. Тікұшақ Боралдай — Үлкен Алматы көлі бағытымен бара жатқан», — делінген хабарламада.